Шығыс Қазақстанның тұрғындары электр энергиясы үшін төлем жөніндегі шотты ұялы телефон арқылы ала алады

2015 жылғы 15 мамыр

Баспасөз-хабарламасы

«Шығысэнерготрейд» ЖШС өзінің тұтынушыларына жаңа қызметін ұсынады – электр энергиясы үшін төлем жөнінде шотты ұялы телефон арқылы алу және берешек жөнінде ақпаратты SMS-хабарлама жіберу арқылы алу

2015 жылдың мамыр айынан бастап шығысқазақстандықтар үшін жаңа қызмет әрекет етеді – тұтынылған электр энергиясы үшін ай сайынғы есептеу туралы шотты ұялы телефон арқылы алу. Тұтынушыға ай сайын төлем сомасы көрсетілген SMS жіберіледі. Қызмет құны 30 теңге. Қызмет нөлдік теңгеріммен де қолжетімді. Электр энергиясы үшін түскен төлемнен автоматты түрде ақшалай қаражат есептен шығарылады.   

Сондай-ақ «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынылған электр энергиясы үшін берешек туралы ақпаратты SMS-сұрау салу арқылы жедел алу мүмкіндігін үсынады. Берешек туралы ақпаратты 3310 қысқа нөміріне жеке шотты SMS-хабарламамен жіберу арқылы білуге болады. Қызмет құны 30 теңге. Ақшалай қаражат ұялы телефоннан ұсталады.   

Энергиямен жабдықтаушы ұйымның бас директоры Вячеслав Аксенов компания клиенттерге қызмет көрсету сапасы менеджментін жетілдіруге ниетті екенін айтты: «Шығысэнерготрейд» ЖШС үнемі тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып отырады және өз қызметіне техникалық салада да - ақпараттық технологиялар, байланыс құралдары және тәсілдері, өз сервисіне де - шоттарды электрондық поштаға жеткізу, баламалы төлем тәсілдері, жеке тұлғалар үшін «Жеке кабинет» сияқты жаңартпаларды енгізуде.     

Бұл қызметтерге жазылу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет. Өтінішті жеке шоттың иесі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып жаза алады.    

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 480 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 000-нан астамы – заңды тұлғалар.  

Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар: Татьяна Павлова,This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова,This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.
Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.