Назар аударыңыз! Абайлаңыз, алаяқтар!

d4b5d882 c10e 420e a6eb c0540641e0ae 

 

Құрметті тұтынушылар!

«Біріккен ЭнергоСервистік Компания»  АҚ (бұдан әрі – «БЭСК» АҚ) соңғы уақытта өздерін энергия өткізуші ұйымдардың қызметкеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалардың қоңырау шалуы жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлайды. 

Олар электр энергиясын есепке алу аспаптарын (электр есептегіштерін) тегін ауыстырып беру қызметін ұсынады.

Назар аударыңыз! Сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізу мақсатында алаяқтар  осындай қоңыраулар шалады.

Сіздерден өте мұқият болуларыңызды және телефон арқылы ешқандай жеке ақпараттарыңызды (сізге SMS-хабарламамен не басқа да жеке деректерде келіп түскен кодты), сондай-ақ құпия сөздерді немесе қаржылық ақпаратты бермеулеріңізді сұраймыз. Күмәнді хабарламалардың немесе электрондық пошталардың сілтемелеріне өтпеңіз, тіпті олар ресми болып көрінсе де.

Ақпараттың дұрыстығын нақтылау үшін «БЭСК» АҚ-ның Байланыс-орталығына  8 (72 32) 700-555 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Өз деректеріңізді қорғаңыз және компанияның тек ресми өкілдерімен ғана байланыста болыңыз!

Сонымен қатар, тек «БЭСК» АҚ-ның теңгеріміндегі, АСКУЭ – электр энергиясын еспепке алу аспаптары ғана  тегін ауыстыруға жататындығын ескертеміз. АСКУЭ дегеніміз –  бұл тұтынушыларды тұтынылған электр энергиясы үшін төлем сомасын есептеу үшін ай сайынғы көрсеткіштерді энергия беруші компанияға беру қажеттілігінен босататын, коммерциялық есепке алу құралынан (бұдан әрі - КЕАҚ) көрсеткіштерді автоматты түрде өзі  оқитын құрылғы. АСКУЭ КЕАҚ ауыстыру қажет болғанда, «БЭСК» АҚ кондоминиум объектісіне (ПИК, МИБ) хабарлайды немесе кері байланысқа шығу үшін тұтынушыларға телефон нөмірі көрсетілген хабарлама/ескертулер қалдырады. Сондай-ақ, бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында «БЭСК» АҚ қызметкерлері тұтынушылардан жеке деректерін, құпия сөздерді, кодтарды сұрамайтынын ескерулеріңізді өтінеміз.

Тексеру/пайдалану мерзімі аяқталған немесе басқа санаттағы есепке алу аспаптарын мамандандырылған ұйымдардың көмегімен  тұтынушылар өз бетінше ауыстырады. КЕАҚ кезекті тексеру күнін «БЭСК» АҚ-ның Байланыс орталығынан білуге болады.

«БЭСК» АҚ қызметкерлері қызмет көрсететін тұрғын объектілеріне барған кезінде фотосуреті бар және ұйымның мөрі қойылған белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін көрсетуі тиіс екеніне назарларыңызды аударамыз.

Бұл маңызды! «БЭСК» АҚ қызметкерлері компанияның атынан әрекет етеді және оның атауын дұрыс атайды («Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ - «БЭСК» АҚ).

Алаяқтық туралы кез-келген деректер мен күдік бойынша дереу   «102», «112» нөмері арқылы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Өзіңізді қорғаңыз және сақ болыңыз!

 

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.