-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
МАМАНДЫҚТЫҢ КҮШІ: «БЭСК» АҚ-да КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕН ЖАРЫС ӨТТІ
- Жарияланды 13 Маусым 2025
МАМАНДЫҚТЫҢ КҮШІ: «БЭСК» АҚ-да КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕН ЖАРЫС ӨТТІ
2025 жылы 11 маусымнан 12 маусымға дейін Таврия АЭЖ-нің оқу-жаттығу полигонында «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның жедел-жөндеу персоналдарының арасында кәсіби шеберліктен жыл сайынғы жарыс өтті.
Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді. Бұл жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын және осы мамандардың еліміздің энергетикалық инфрақұрылымының тұрақты жұмысына қосқан үлесін мойындауды атап өтті.
Қатысушыларға «БЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Глибина Ирина Геннадьевна, сондай-ақ құрметті қонақтар: Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің ШҚО бойынша аймақтық департаменті басшысының орынбасары Мейрамғали Қабдылович Какибаев, «ШҚО ардагер-энергетиктері» бірлестігінің төрағасы Амангелді Қайсанович Нұрғалиев құттықтау сөз сөйледі.
Екі күнде Абай және Алтай аймағы аудандық электр желілерінен келген командалар жеті конкурстық кезеңде: жәбірленушіні құтқарудан бастап трансформаторды сөндіру және ӘЖ-10 кВ әуе желілерінде жұмыс істеуге дейінгі кәсіби дағдыларын, командалық жұмысы мен жеделдігін көрсетті.
Жарыс жеңімпаздары:
- Зайсан АЭЖ — I орын
- Семей АЭЖ — II орын
- Таврия АЭЖ — III орын
Арнайы марапаттар:
- Үздік электр монтёрі –Ерасыл Алмасұлы Саттаров (Зайсан АЭЖ)
- Ең жас қатысушы –Ерасыл Алмасұлы Саттаров
- Үздік жүргізуші –Айдын Серікович Найманғазин (Семей АЭЖ)
- Үздік мастер –Мейірбек Тлебалдыұлы Тлебалды (Семей АЭЖ)
- Үздік жұмыс өндірушісі –Дамир Станиславович Базельжанов (Бородулиха АЭЖ)
- Үздік төрешілер бригадасы –Ақылбек Заинкенович Көктаев, Ерік Қабыкенович Саятов, Дәурен Төлеуханұлы Байғазинов
Сонымен қатар, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое және Таврия АЭЖ-нен келген командалар белсенді қатысқандары үшін марапатталды. «БЭСК» АҚ-ның басшылық құрамының мүшелері «Шығыс Қазақстан электр желілерінің кәсіподақ ұйымы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің қолдауымен қатысушыларды құттықтап, оларға лайықты марапаттарын ұсынды.
Іс-шараның оқу мақсаттарына ерекше назар аударылды. Биылғы жылы жарысқа Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері Энергетик мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігін іс жүзінде көру үшін шақырылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу «БЭСК» АҚ-ның игі дәстүріне айналды. Бұл персоналдың дайындығын бағалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, корпоративтік рухты нығайтуға және бөлімшелер арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.