Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы электр энергиясын тұтынушыларға арналған ақпараты

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы

электр энергиясын тұтынушыларына

электрмен жабдықтау қызметі бойынша

АҚПАРАТ

 

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 44т. сәйкес «БЭСК» АҚ 2025 жылдың «01» мамырынан бастап уәкілетті органның ведомствосына шекті тарифтің көтеру жағына өзгеруін келісуге өтінімнің жіберілгені туралы хабарлайды.

Жаңа өтінімнің негіздемесі болып табылады:

  1. 2025ж. арналған тариф жобасында электр энергиясын беруге орташа өлшенген бағаның қолданыстағы тариф құрылымына кВт*сағ-қа 1,192 теңгеге өсуі;
  2. 2025ж. «КЕGОС» АҚ Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметке» кВт*сағ-қа 0,861 теңге мөлшерінде бағаны ұлғайту;
  3. Электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар кВтсағ-қа 0,728 теңгеге ұлғайтылды;
  4. Қолданыстағы тариф құрылымына кВт*сағ-қа 0,179 теңгеге жабдықтау үстемесін ұлғайту (Еңбекке ақы төлеу шығындары, материалдық шығындар, бөгде ұйымдардың қызметтері);

Электр энергиясына сараланған шекті бағалар жобасы (ҚҚС-сыз теңге/кВтсағ):

- тұрмыстық тұтынушылар (тауарларды өндірумен (сатумен), жұмыстар және қызмет көрсетумен байланысты емес, электр энергиясын өз тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланатын жеке тұлғалар) 19,332 теңге/кВтсағ мөлшерінде;

- өзге тұтынушылар (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) 35,213 теңге/кВтсағ мөлшерінде;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер, 32,135 теңге/кВтсағ;

- бюджеттік ұйымдар – 64,288 теңге/кВтсағ мөлшерінде.

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.