Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының электр энергиясын тұтынушыларға арналған ақпарат

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар!

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйымының функциялары мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің тұтынушылары «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы – «БЭСК» АҚ энергиямен жабдықтаушы ұйымына көшірілді.

2024 жылғы 31 желтоқсанда «Шығысэнерготрейд» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйымы ҚР заңнамасына сәйкес өз қызметін аяқтады.

Аталған мәселе бойынша ҚР заңнамасындағы өзгерістер туралы 2024 жыл бойы республикалық және жергілікті БАҚ-да хабарланды.

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің энергиямен жабдықтау функцияларын «БЭСК» АҚ-на беру туралы ақпарат тұтынушыларға 2024 жылдың қазан айынан бастап Компанияның барлық ақпараттық алаң беттерінде қолжетімді болды. Сондай-ақ, біздің тұтынушылар үшін барлық анықтамалық ақпараттар, соның ішінде, тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша ақпарат Компанияның сайтында және Instagram парақшаларында тұрақты жарияланды және әлі де жариялануда.

2025 жылғы қаңтардан бастап бұрынғы Шығысэнерготрейд тұтынушыларына арналған ақпаратты «БЭСК» АҚ-ның https://besk.kz/ сайтында ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ бөлімінен табуға болады.

«БЭСК» АҚ компаниясы бұған дейін сырттай қызмет көрсететін сервистердің жұмысы техникалық себептерге байланысты уақытша тоқтатылғаны жөнінде хабарлаған. Жұмыстардың қайта қалпына келуі туралы қосымша хабарланады.

Электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша 8 (7232) 700-555 телефоны арқылы Байланыс орталығына және тұрғылықты жеріңіз бойынша жақын маңдағы «БЭСК» АҚ кеңселеріне (АЭЖ), сондай-ақ бұрынғы «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің кеселеріне жүгіне аласыз. Онлайн-сервистердің жұмысын тоқтатуға байланысты Байланыс орталығының телефон желісінде шамадан тыс жүктемелер болуы мүмкін, сондықтан оператордың жауабын ұзағырақ күтуіңіз мүмкін.

Тұтынылған электр энергиясы үшін сіз бұған дейін пайдаланған төлем тәсілімен төлем жасай аласыз.

Тұрмыстық тұтынушылар бойынша артық төлем тұтынушының қолданыстағы дербес шотында сақталады және 2025 жылғы қаңтар айы үшін есепке алынатын болады.

ЖЕЛТОҚСАН – есептік кезеңі үшін тұтынылған электр энергиясының төлемін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не, ал, ҚАҢТАР – есептік кезеңі үшін тұтынылған электр энергиясының төлемін «БЭСК» АҚ-ына жіберу керектігіне назарларыңызды аударамыз. Егер «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдында берешегіңіз болса, төлем аудару үшін Шығысэнерготрейд ЖШС ұйымын таңдау керек. Берешекті төлегеннен кейін, 2025 жылдың есептік кезеңдері үшін төлем жасауға, яғни, «БЭСК» АҚ-на аударуға мүмкіндік туады.

Төлемдерді аудару үшін ұйымдарды таңдау - Halyk Bank, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, Нұрбанк банктерінің қосымшаларында қолжетімді.

Контакты
  • Усть-Каменогорский РЭС Шемонаихинский РЭС
    • Усть - Каменогорск, ул. Железнодорожная 92 г. Шемонаиха, ул. Сопочная, 28
  • Тарбагатайский РЭС Урджарский РЭС
    • с. Акжар, ул. Косман Нуракжанулы 4 с.Урджар, ул. Шынгожа Батыра 109
  • Семей РЭС Таврический РЭС
    • Семей, ул. Каржаубайулы 243а с. Таврическое
  • Прииртышский РЭС Риддерский РЭС
    • Курчатов, ул. Красноармейская 14 г. Риддер, Островского 92
  • Курчумский РЭС Левобережнвй РЭС
    • с.Курчум, ул. Ибежанова 1 с. Меновное, пер.Шоссейный 38
  • Катон-Карагайский РЭС Кокпектинский РЭС
    • с. Катон, РЭС с. Кокпекты, ул. Кабанбай Батыра 96
  • Жарминский РЭС Зайсанский РЭС
    • с. Калбатау, ул. Алимбетова 2 г. Зайсан, ул. Панфилова 12
  • Бородулихинский РЭС Глубоковский РЭС
    • с. Бородулиха, ул. Подстанционная 1 п. Глубокое, ул. Степная 148
  • Бескарагайский РЭС Большенарымский РЭС
    • с. Бескарагай, ул. Жабаева 60 с.Улкен Нарын, ул. Алтайэнерго 3
  • Абайский РЭС Аягузский РЭС
    • с Караул, ул. Ораз-Кутжан 1 г. Аягуз, ул. Нугманова 67